Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің финалына шықты

201

Заңғар қазіргі таңда жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 25-орында. 

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің финалына шықты

ITF Juniors рейтингінде әлемнің 25-орнында тұрған Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан J200 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.

Турнирде қазақстандық теннисші бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелген еді. Жартылай финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Сион Джиді 6:1, 7:5 есебімен сенімді жеңді.

Шешуші матчта Заңғар тағы бір корейлік теннисші — Мин Хук Чомен кездеседі. Ол жартылай финалда қазақстандық Даниэль Тазабековты жеңген болатын.

Кубок үшін финалдық кездесу ертең, 5 қазанда өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу