Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының финалына шықты

252

Турнир 18 жасқа дейінгі жас теннисшілер арасында өтіп жатыр.

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының финалына шықты

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында ITF Juniors J300 сериясындағы турнирдің финалистері анықталды. Аталмыш жарыс 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы бейресми Азия чемпионаты. ITF юниорлар рейтингінде әлемнің 23-ракеткасы Заңғар Нұрланұлы финалға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші Гонконг өкілі Николас Ченгті (135-орын) небәрі бір сағатта 6:3, 6:1 есебімен ұтты. 

Финалда Заңғар Нұрланұлы Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Финалдық матч ертең, 12 қазанда өтеді.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын жас қазақстандық теннисші Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу