Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Australian Open-2026 турнирінде сәтті өнер көрсетуінің арқасында ITF Juniors әлемдік рейтингіндегі орнын жақсартты.
17 жастағы Заңғар Қазақстан тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Аустралияның ашық чемпионатында жекелей сында жартылай финалға шыққан теннисші атанды. Жаңартылған рейтингте ол 12-орыннан 9-орынға көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы былтыр күзде US Open Juniors турнирінің де жартылай финалисі атанған еді. Бұған дейін ешбір қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы Үлкен дулыға турнирлерінде екі рет жартылай финалға шығып көрмеген.
Осылайша, WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінің ТОП-10 қатарына бірден Қазақстанның 3 өкілі енді. Australian Open турнирінің жаңа чемпионы Елена Рыбакина 3-орында тұр. Александр Бублик 10-шы сатыда. Ал, Заңғар Нұрланұлы 9-орынға жайғасты. Ал Australian Open-2026 турнирінің жұптық сындағы финалисі Анна Данилина рейтингте 11-орында келеді.