"Заңгерлерді жұмыссыз қалдыратын болдық": Олжас Бектенов сотта жасанды интеллектіні қолдану туралы

425

Сот төрелігінде жасанды интеллектіні қолдану ұсынылды.

"Заңгерлерді жұмыссыз қалдыратын болдық": Олжас Бектенов сотта жасанды интеллектіні қолдану туралы Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов әділет саласын цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев әділет саласын цифрландыру бойынша қандай шаралар қолға алынатынын айтты. Ол сот төрелігінде жасанды интеллектіні қолдануды ұсынды.

"Ақыры заңгерлерді жұмыссыз қалдыратын болдыңдар ғой",  деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің сөзінше, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық салада цифрландырудың біртұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. 

"Бұл жұмыс жаппай жүргізіліп жатыр. Әділет органдарын дамыту мен цифрландыру – мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған  аса маңызды үдеріс. Осы орайда, жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты. Бұл – бюрократиядан арылтудың негізгі әдістерінің бірі. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялардың әлеуетін түгел пайдалану қажет",  деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы халыққа заңгерлік көмек көрсетуге ерекше назар аударуды тапсырды. 

"Ол үшін Сот орындаушысының роботы арқылы оңайлатылған өндірісті дамыту жалғасуда. Робот іске қосылған өткен жылдың тамыз айынан бері 125 мыңнан астам құжат орындалды. Ал рәсімдерден өту кезінде  азаматтар  600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеген. Осыған байланысты Роботтың әлеуетін кеңейтуге және жалпы цифрландыруға баса назар аудару керек",  деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу