Зарина Дияс ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты

229

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты.

Зарина Дияс ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты

Ширек финалда Зарина бірінші нөмірмен тіркелген аустралиялық Лизетт Кабрерамен кездесіп, 6:2, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Енді ол жапониялықтар – Химэно Сакацумэ мен Эри Симидзу арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Турнир хард төсенішті корттарда өтуде. Қазақстандық теннисші турнирге алтыншы нөмірмен тіркелген және жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын (15 миллион теңге) құрайтын жарыстың басты фавориттерінің бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу