Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

248

Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен оңай ұтты. Матч небәрі 1 сағат 12 минутқа созылды.

Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: ҚТФ

Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 875-орында тұрған Жапония өкілі Лиза-Мария Риумен шеберлік байқасты.

Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен оңай ұтты. Матч небәрі 1 сағат 12 минутқа созылды.
Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 499-ракеткасы, тағы бір корт иесі Момоко Коборимен таласады.

Зарина қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 302-орынға көтеріліп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу