Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты

1226

Жүлде қоры 80 долларды құрайтын АҚШ-та өтіп жатқан ITF сериялы турнирінде осы жарыстың екінші нөмірлі ойыншысы болып тіркелген қазақстандық Зарина Дияс ¼ финалдан сүрінбей өтті.

Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты

Ширек финалда Дияс америкалық Виктория Дувалды 1 сағат 16 минутта 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Ал енді бүгін финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 94-ші орында тұрған америкалық Беатрис Хаддад Майямен бәсекеге түседі. Америкалық теннисші бұған дейін бірінші айналымда 0:3 есебімен мексикалық Рената Саразуаны жеңген болатын. Содан кейін қарсыласы ойынды одан әрі жалғастырудан бас тартты.

Зарина Дияс пен Хаддад Майяның кездесуі бүгін, 23 қазанда Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.

Ал Бельгияда өткен ATР 250 сериялы турнирде қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен дуэтте француздар – Николас Мэй мен Фабрис Мартинге есе жіберді. Бірінші сеттің тағдыры тай-брейкте шешілді. Нәтижесінде қазақстандық-украиналық жұп 6:7 есебімен ұтылды. Екінші сетте француздар ойында басымдық танытса, Недовесов пен Молчанов екі гейм ғана алды. Кездесу 6:7, 2:6 есебімен француздардың пайдасына аяқталды.

Ал Жібек Құламбаева польшалық Мартына Кубкамен дуэтте Қарағандыда өтіп жатқан ITF W25 сериялы турнирдің жартылай финалында ресейліктер Полина Кудерметова мен Екатерина Рейнгольдты екі сетте жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңі бірқалыпты өтті. Тек жетінші геймде Жібек пен Мартына қарсыластары допты ойынға қосу барысында ұпай еншіледі. Ал сегізінші геймде Полина мен Екатерина есеп айырмасын минимумға дейін қысқартып, қазақстандық-польшалық жұп бірінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Екінші партияда Құламбаева мен Кубка 5:1 есебімен камбэк жасап, ойын тай-брейкке ауысты. Ал Жібек пен Мартына кездесуде басымдық танытты. Олар көп тәуекелге барып, жақсы ойнады және допты қабылдау кезінде қателіктерді азырақ жіберді. Бұл тактика нәтиже беріп, тай-брейкте жеңіс сыйлады 7:6 (7:5). Осылайша, Жібек Құламбаева ертең ITF сериясында өзінің сегізінші титулын және W25 санатындағы бірінші титулын жеңіп алуға тырысады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу