Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Чикагода (АҚШ) өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің екінші кезеңіне өтті. Турнирдің алғашқы матчында әлемнің 106-ракеткасы Зарина WTA рейтингісінің 79-орында тұрған америкалық Мэдисон Бренглден мықты болып шықты. 2 сағат 43 минутқа созылған матч Заринаның пайдасына 6: 7, 7: 6, 6: 4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Ойын барысында Зарина бес, ал оның қарсыласы 12 қателік жіберді. Келесі айналымда Келесі раундта Зарина әлемдік рейтингте 117-орында тұрған Италия өкілі Сара Эрранимен кездеседі. 1/8 финалдық матч ертең 1:00-ге жоспарланған.
Ал қазақстандық тағы бір теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің екінші кезеңіне өтті. Турнирдің алғашқы матчында ол аустралиялық Саманта Стосурды екі сетте де, 6: 3, 6: 3 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды. Рыбакинаның келесі қарсыласы осы турнирде 15-ші нөмірмен өнер көрсетіп жатқан бельгиялық Элис Мертенс болмақ. 1/16 финалдық кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Цинциннати WTA 1000 турнирін Юлия Путинцева да жеңіспен бастаған болатын. Әлемнің 36-ракеткасы Путинцева бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Небәрі 46 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетіп, 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйспен ғана шектеліп, брейк жасай алған жоқ. Бұл спортшылардың өзара кездесулеріндегі есеп теңесті – 2:2. Путинцева екінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасады. 1/16 финалдық кездесу ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 6:30-да басталады.
Ермұхамед Мәулен