Зарина Дияс Чикагодағы турнирдің іріктеуінен сүрінбей өтті

1047

Әлемдік рейтингте 112-орында тұрған Зарина Дияс Чикаго WTA 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Зарина Дияс Чикагодағы турнирдің іріктеуінен сүрінбей өтті

Іріктеу сайыстарының 4-ракеткасы болып тіркелген Зарина алдымен рейтингте 448-сатыдағы ұлыбританиялық Эден Силваны 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 254-ракеткасы, оңтүстік кореялық На-Лэ Ханьмен күш сынасты. Дияс сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 5:7, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында 13 брейк-пойнттың 10-ын пайдаланды. Қарсыласы 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Теннисшілер бірде-бір эйс жасаған жоқ. Осылайша Зарина негізгі жарысқа жолдама алды. Чикаго WTA 250 турнирі 23-30 тамыз аралығында өтеді.

Сонымен қатар Германияның Лоденшейд қаласында Челленджер сериясының жұптық турнирінің финалы өтті. Онда қазақстандық-украиналық жұп Александр Недовесов пен Денис Молчанов хорватиялық Иван мен Матей Шабановтармен кездесті.

Хорваттар бірінші сетте 6: 4 есебімен жеңді. Бірақ екінші кезеңде Недовесов пен оның серіктесі 6: 2 есебімен есе қайтарды. Шешуші ойында Александр мен Денис жалпы жеңіске біртабан жақын болды. Бірақ, өкінішке орай, олар супер тай-брейкте ағайынды Шабановтардан 10:12 есебімен ұтылды. Ойын барысында қазақтандық-украиналық дуэт бес брейк-пойнттың үшеуін  орындап, екі рет қателік жіберді. Осылайша финалда Шабанловтар жеңіліс тапты.

Недовесовпен қатар халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілер финалға дейін жетті. Тунисте ITF M15 сериялы турнирінде Бейбіт Жукаев пен Тимур Хабибулин финалда аустралиялық дуэт Блэйк Эллис / Дэн Свинниден 6: 7 (3: 7), 1: 6 есебімен ұтылды. Жеңіліске қарамастан, Бейбіт пен Тимур нағыз жауынгерлік рух көрсетті және ITF сериялы турнирде биылғы жылы алғаш рет финалға шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу