Зарина Дияс Джорджиядағы турнирдің ширек финалына шықты

1125

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Джорджияда (АҚШ) өтіп жатқан ITF турнирінің 1/4 финалына шықты.

Зарина Дияс Джорджиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Сайыстың екінші айналымында турнирдің 2-нөмірлі ойыншысы болып тіркелген Зарина америкалық теннисші, әлемнің 241-ракеткасы Ханна Чангты екі сетте де жеңді. Қорытынды есеп 6:4, 7:5. Кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды.

Айта кетейік, турнирдің бірінші айналымында Зарина Әлемнің 214-ракеткасы аустралиялық Присцилла Хонды 6:3, 1:6, 6:2 жеңген болатын. Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды. Жартылай финалға шығу үшін Зарина Дияс Виктория Дувалмен (АҚШ) ойнайды. Матч 23 қазанға жоспарланған.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен – хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдылық көрсетті – 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. Недовесов пен Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю – Фабрис Мартен жұбымен таласады.

Бұдан бөлек, елімізде де ITF сериялы теннис турнирі өтуде. Елордалық "Дәулет" теннис орталығында жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын ITF World Tennis Tour сериясының алғашқы ширек финалистері анықталды. Чемпиондық атаққа басты үміткер қазақстандық Денис Евсеев ресейлік Егор Агафоновты бір сағатқа жетпей, 6:2, 6:0 есебімен жеңді, Енді ол ¼ финалда украиналық Эрик Ваншельбоймға қарсы ойнайды. Ал Теміртау қаласының тумасы Григорий Ломакин сенсацияны жасады. Ол 2 сағат 33 минутқа созылған кездесуде, 3 сетте әлемнің 375-ші ракеткасы украиналық Алексей Крутихті 4:6, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңді. Ширек финалда Ломакин ресейлік теннис ардагері Константин Кравчукпен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Достанбек Ташбулатов турнирдің бірінші ракеткасы ресейлік Андрей Кузнецовпен болған кездесуде 2:6, 4:6 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу