Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W50 Kurume+H турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда қазақстандық теннисші қытайлық Мэйлин Ванды 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңді. Финалда Зарина корт қожайыны Аяну Шимицумен кездеседі.
Турнир 12-18 мамыр аралығында өтуде және оның жалпы жүлде қоры 40 000 АҚШ долларын құрайды.
Айта кетейік, Зарина Дияс осы маусымда тұрақты ойын көрсетіп, W50 деңгейіндегі турнирлерде бірнеше жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу