Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің екінші кезеңіне шықты

1039

Заринаның келесі қарсыласы әлемнің 5-ракеткасы Барбора Крейчкова болмақ. 

Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің екінші кезеңіне шықты

Әлемнің 108-ракеткасы Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған З.Дияс алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 121-сатыда тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті. Бұған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездесіп, соның үшеуінде жапониялық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы 1 сағат 14 минутқа созылған матчта Зарина Дияс 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, доданың 3-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен ойнайды.

Айта кетейік, аталған турнирде тағы екі қазақстандық теннисші өнер көрсетуде. Жарыстың екінші кезеңінде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кездеседі. Алғашқы айналымда Юлия неміс теннисшісі Андреа Петковичті  7: 6, 6: 1 есебімен жеңген болатын. Ал Елена Рыбакина турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Теннисшілер ертең, 9-қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 7:00-де өзара мықтыны анықтайды.

Сондай қазақстандық теннисшілерден ерлер арасында Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов Барселонадағы "Челленджер" турниріне қатысты.

Тимофей Скатов екінші айналымда словакиялық Алекс Молчаннан 1: 6, 6: 7 (6: 8) есебімен ұтылды. 1 сағат 41 минутқа созылған матчта Скатов екі рет қос қателік жасап, жеті брейк-пойнттың біреуін ғана орындады.

Ал Дмитрий Попко екінші айналымда француз Маттео Мартиноға 6: 7 (2: 7), 2: 6 есебімен ұтылды. 1 сағат 49 минутқа созылған ойында Попко бес брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайланып, төрт қосарланған қателік жіберді және үш эйс жасады. Осылайша, Барселонадағы турнир қазақстандық теннисшілер үшін аяқталды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу