Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі WTA 1000 сериялы турнирінің негізгі кезеңіне өтті

1097

Зарина Дияспен қатар әйелдер арасында тағы екі қазақстандық теннисші іріктеуден сүрінбей өтті.

Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі WTA 1000 сериялы турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Индиан-Уэллсте (АҚШ) WTA 1000 сериялы турнирінің іріктеуінде жекелей сында 12 финалдық кездесудің бірінде жеңіске жетті. Осы аптада әлемдік рейтингте 108-орынға көтерілген және жүлде қоры 8,150 миллион долларды құрайтын жарыстың іріктеу турнирінде 6-нөмірмен өнер көрсететін Зарина Дияс іріктеу финалында осы жарыстың 13-ші және әлемнің 138- ракеткасы Беларусь өкілі Ольга Говорцовамен кездесті. Теннисшілер осыған дейін бір-бірімен екі рет кездесті және кездесулер нәтижесі 1: 1 есебімен тең аяқталған.

Бірінші сет тең дәрежеде өтті. Қарсыластар допты ойынға қосу кезінде бір-бір ұпайдан иеленіп, брейкпен алмасты. Содан кейін қайта допты ойынға қосып тағы бір ұпайдан еншіледі. Есеп 3:3 болған кезде Зарина Дияс басымдықты өз қолына алды. Бір брейк және бір сет-пойнт жасаған қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте Зарина үшінші геймдегі брейк-пойнттың арқасында қарсыласынан екі ұпайға алға шықты. Ол бұл басымдықты ойынның соңына дейін сақтап, тіпті төртінші мүмкіндігінде матч-пойнт жасап, тағы да 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Зарина Дияс турнирдің негізгі кезеңінде өнер көрсететін үшінші қазақстандық теннисші болып тіркелді.

Зарина Дияс негізгі бәсекенің бірінші кезеңіндегі қарсыласын сәл кейінірек, барлық іріктеу финалдары аяқталған соң білетін болады. Сондай-ақ әйелдер арасындағы BNP PARIBAS OPEN турнирінде қазақстандықтардан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Рыбакина үздіктердің қатарында болды. Ол жарысқа автоматты түрде өтті. Оның екінші раундтағы қарсыласы Путинцева мен неміс Андреа Петкович арасындағы жекпе-жекте анықталады.

Сонымен қатар дәл осы турнирде ерлер арасындағы іріктеу жарысын Михаил Кукушкин де жеңіспен бастады. Қазақстандық іріктеудің бірінші раундында канадалық Стивен Диаспен өзара мықтыны анықтады. Бұл қарсыластар бір-бірімен 2016 жылы Мәскеу Челленджерінің финалында кездескен еді. Ол уақытта да Кукушкин 6: 3, 6: 3 есебімен жеңіске жеткен. Енді сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні қазақстандық теннисші жартылай финалдық кездесуде әлемнің 178-ракеткасы, АҚШ өкілі Эрнесто Эскобедомен сынға түседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу