Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың чемпионы атанды

260

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс өз жанкүйерлерін тағы бір жарқын жеңіспен қуантты. 

Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың чемпионы атанды Фото: zarinadiyas

Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы халықаралық турнирде ол чемпион атанып, кәсіби мансабындағы 12-ші ITF титулын жеңіп алды.

Финалда Зарина италиялық қарсыласы Дилетта Черубинимен (WTA 446) кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта мықтылығын дәлелдеді. Қорытынды есеп – 6:1, 6:7 (4:7), 6:1. 

Бірінші және үшінші сеттерде сенімді ойын көрсеткен қазақстандық теннисші екінші сеттегі тай-брейкте жеңілгенімен, шешуші кезеңде қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмады.

Айта кетерлігі, бұл турнир W35 санатына жатады және ITF (Халықаралық теннис федерациясы) аясында өтетін беделді жарыстардың бірі.

Мұндай турнирлер әлемдік рейтингтегі ұпайлар жинап, теннисшілерге үлкен додаларға жолдама алуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу