Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 250-орында тұрған португалиялық Матилде Жоржемен өткізді.
Зарина 6:3, 6:1 есебімен қарсыласын ойсырата ұтты.
Ойын сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 551-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен таласады. Ол алғашқы айналымда тартысты матчта рейтингіде 392-сатыдағы Польша өкілі Мартина Кубканы жолдан тайдырды – 6:4, 7:6 (9:7).
Айта кетейік, казақстандық теннисші осыған дейін Таусте (Испания) ITF W35 жарысының жеңімпазы атанған еді.