Зарина Дияс келесі кезеңге өтті

2233

Цинцинаттиде өтіп жатқан теннис турнирінде Зарина Дияс қарсыласынан басым түсті. 

Зарина Дияс келесі кезеңге өтті

Жарыстың алғашқы айналымында Заринаның қарсыласы Серена Уильямс болған еді. Әлемнің бірінші ракеткасы болған Серена жарақатына байланысты кзедесуден бас тартты. Сосын қазақстандық теннисші тағы бір америкалық Джесика Пегуламен ойнайтын болып шешілді. Ойынның басым бөлігінде өз мықтылығын көрсеткен отандасымыз 2 сетте (7:5, 6:4) жеңіске жетті. Рейтингте 80-орында тұрған Заринаның бұл қарсыласы 56-орында тұрған теннисші еді.

Енді 1/16 финалда Дияс тағы бір америкалық теннисші София Кенинмен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу