Зарина Дияс Люксембургте WTA турнирінің екінші кезеңіне өтті

1039

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Люксембургте өтіп жатқан WTA турнирінде жекелей сында екінші кезеңге шықты.

Зарина Дияс Люксембургте WTA турнирінің екінші кезеңіне өтті

Заринаның қарсыласы WTA бойынша үш турнирдің жеңімпазы, словак теннисшісі Анна Каролина Шмидлова болды. Ол қазақстандық теннисшіге үш сетте 0: 6, 6: 1, 4: 6 есебімен ұтылды. Кездесу кезінде Дияс 23 геймнің 13-де жеңіске жетті және допты ойынға қосу барысында бір рет және төрт қосарланған қателікке жол берді. Айта кетейік Заринаның келесі қарсыласы WTA рейтингісінде 12-орында тұрған Швейцария өкілі Белинда Бенчич болмақ. Ал Зарина Дияс қазіргі таңда 105-орында тұр.

Сонымен қатар Словенияның Порторож қаласында да WTA 250 сериялы турнирі өтуде. Жүлде қоры 189,7 мың еуроны құрайтын жарысқа елімізден жекелей сында Юлия Путинцкева, ал жұптық сайыста Анна Данилина өнер көрсетуде. Екі теннисшіміз де жарысты сәтті бастап, келесі айналымға шықты.
Путинцева румын теннисшісі Жаклин Кристианды екі сетте 6: 4, 6: 4 есебімен жеңді. 1 сағат 35 минуттық ойында Путинцева 20 геймнің 12-сінде жеңіске жетіп, үш рет қосарланған қателік жіберді. Сондай-ақ допты ойынға қосу барысында мүлтіксіз ойын өрнегін көрсетті. Юлияның келесі айналымдағы қарсыласы WTA рейтингісінің 171-сатысында тұрған Ұлыбритания өкілі Кэти Бултер болады. Ал Путинцева одан әлдеқайда жоғары, 44-орында тұр.

Ал Анна Данилина Словениядағы турнирде жұптық сайыста ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық теннисші Венгрия өкілі Фанни Столлармен бірге Эла-Нала Милич пен Тина Цветковичтің тандемін 6: 1, 6: 0 есебімен жеңді. Ойынның 44 минутында Данилина мен оның серіктесі 13 геймнің 12-сінде жеңіске жетті. Данилина – Столлар жұбының қарсыластары бүгін Ковинич/Ворачова пен Фомина/Яшина арасында өтетін жекпе-жекте анықталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу