Зарина Дияс Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады

297

Жарыстың жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды. 

Зарина Дияс Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Португалияда өтіп жатқан ITF турнирін сәтті бастады. 

Сейшал қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің бірінші кезеңінде Дияс Анкита Райнаны 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу небәрі 1 сағат 8 минутқа созылды және матч барысында қазақстандық теннисші ойынды толық бақылауда ұстады.

Кездесу хард төсенішті кортта өтті. Зарина өте жоғары деңгейдегі дайындық көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші Италия өкілі Валентина Лоскияле мен Жапония өкілі Мэй Ямагучи арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу