Зарина Дияс Румыниядағы жарыстың екінші айналымына шықты

363

Қазақстандық теннисші екі сетте чехиялық қарсыласын еш қиындықсыз жеңді.

Зарина Дияс Румыниядағы жарыстың екінші айналымына шықты Фото: Жеке парақшасынан

Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан Intaro Elite Cup ITF W75 санатындағы турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс (әлемнің 334-ракеткасы) чехиялық Анета Лабутковамен (645-орын) кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Дияс өз геймін екі рет жоғалтқанымен, бес брейк жасап, басымдық танытты.

Турнирдің екінші айналымында Зарина украиналық Дарья Снигур мен италиялық Камилла Розателло арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Айта кетейік, Снигур осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу