Қазақстандық теннисші, әлемнің 381-ракеткасы Зарина Дияс Нонтхабури (Таиланд) ITF W75 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол алдымен рейтингіде 1 358-орында тұрған корт иесі Вера Дипоемді 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Содан кейін рейтингіде 393-сатыдағы үндістандық Вайдехи Чаудхариді жолдан тайдырды – 4:6, 6:2, 7:5.
Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 310-ракеткасы, америкалық Анна Роджерспен кездеседі. Бұл матч 8 қаңтарға белгіленген. Жарыс 12 қаңтарда мәресіне жетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу