Зарина Дияс Токио олимпидасына жолдама алды

1111

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Дияс Олимпиада лицензиясының иегері болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Зарина Дияс Токио олимпидасына жолдама алды

Бұл Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді жүзеге асырғаннан кейін белгілі болды. Спортшының ITF лицензиясын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті растады.

Спортшы жекелей сында өнер көрсетеді. Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды. Атап айтқанда, бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин жолдама иеленген. Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, сондай-ақ Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова сынға түседі.

Еске салайық, Токио Олимпиадасына спортшыларды қабылдау ATP және WTA рейтингтері негізінде 2021 жылдың 7 маусымында жүзеге асырылды. Әр елден қатысушылардың саны 12 адамнан аспауы керек (алты ер адам және алты әйел). 64 теннисші жекелей сайыста, 32 жұп - жұптық, миксте 16 теннисші сынға түседі. Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасында спорттың 27 түрінен 97 лицензия бар.

Қазіргі таңда Зарина Дияс Лозаннадағы (Швейцария) WTA турниріне  қатысуда. Ол бірінші айналымды сәтті бастап, швейцариялық Симон Вальтертті екі сетте жеңді - 6: 4, 6: 4. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші тек бір рет эйс жасап, бір рет қателессе, ал Симона допты ойынға қосу барысында төрт рет, одан бөлек тағы да бес қателік жіберді.

1/8 финалға жолдама алған Зарина бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 14:30-да 29 жасар италиялық теннисші Камила Джорджиге қарсы кортқа шығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу