Зарина Дияс Түркияда бір күнде екі ойын өткізіп, финалға шықты

396

Қазақстандық теннисші, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің финалына өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зарина Дияс Түркияда бір күнде екі ойын өткізіп, финалға шықты Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-орында тұрған ресейлік Екатерина Маклакованы айқын басымдықпен ұтты – 6:1, 6:2.

Бір сағат 6 минутқа созылған ойын барысында Зарина 6 брейкке қол жеткізді. Маклакова 2 брейктен аса алмады.

Зарина Дияс финалда әлемнің 224-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалей немесе рейтингіде 338-сатыдағы болгариялық Изабелла Шиникованың жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 418-орынға көтеріліп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу