Қазақстандық теннистің мақтанышы Зарина Дияс үлкен спорттағы үзілістен кейін бұрынғы бабына қайта оралып келеді.
Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 санатындағы беделді турнирде Зарина өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Финалда жергілікті жанкүйерлердің үмітін арқалаған 27 жастағы Аяно Шумицуға қарсы кортқа шыққан Зарина Дияс 6:4, 6:3 есебімен айқын басымдық танытты.
Әлемдік рейтингте 318-орында тұрған Зарина Дияс 288-ші ракетка иесін еш қиындықсыз жеңіп, кезекті рет өз есімін халықаралық аренада асқақтатты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу