Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова алғашқы сыннан сүрінбей өтті

344

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова алғашқы сыннан сүрінбей өтті Фото: olympic.kz

Командалық бәсеке аяқталғаннан кейін Құрлық жарысына келген спортшылар жекелей және жұптық сында кім мықтыны анықтауда.

Қазақстан құрамасы сапынан бұрымды спортшыларымыз жарысты бірінші болып бастады. Бірінші кезеңде Пәкістан елінен келген Хайда Хассанмен ракетка түйістірген Зәуреш Ақашева 3-0 есебімен басым түсті.

Келесі ойында додаға түскен Ангелина Романовская Иран елінің өкілі Париназ Хажилоумен жолықты. Тартысқа толы жекпе-жекте отандасымыз 3-2 есебімен кездесуді өз пайдасына шешті. Анастасия Лаврова да командаластарының жеңіс шеруін жалғастырды.

Бірінші кезеңде Малайзия спортшысы Им Ли Юнмен сынға түскен Қазақстан теннисшісі 3-1 есебімен жеңіске жетті. Жекелей жарысқа қатысқан Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт алғашқы сыннан аса алмады.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшылар Солтүстік Корея мен Непал өкілдеріне есе жіберіп қойды. Еске салайық, жекелей жарыс жеңімпаздары 13-ші қазан күні белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу