Зейнетақы активінің нақты кірісі 3%-ды құрады

9330

БЖЗҚ-ның кіріс көрсеткіші соңғы бір жылда 8,9%-ға өсті.

Зейнетақы активінің нақты кірісі 3%-ды құрады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активінің портфелі 8 576,2 млрд теңгеге жетті. Көрсетілген соманың 5 803,5 млрд теңгесі ұлттық, 2 772,8 млрд теңгесі шетел валютасында екені белгілі болды. 

2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, шілде айының қорытындысында теңгедегі актив - 67,7%-ды, ал өзге ақшадағы актив - 32,3%-ды көрсетті. 

Валюталар портфеліндегі қаржы ақша нарығының құралдарына жасалған инвестицияларды қоспағанда 93 млрд теңгені құраған. Осы соммаға ҚР қаржы министрлігінің жылдық кірісі 8,4%-ды құрайтын мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынған.

Шілде айында екінші деңгейлі банктер салым шартында көрсетілген талап бойынша құны 8,2 млрд теңгені құрайтын депозитке қатысты борышты уақытынан бұрын ішінара қайтаруға ниет білдірген. Осылайша "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның 31,7 млрд теңге сомасындағы облигациясы сатылған. Halyk Bank пен Qazkom-ның бірігуіне байланысты БЖЗҚ Qazkom-ның жай акцияларын Halyk Bank-тің жай акцияларына ауыстырған.

Өткен айда шетел валютасындағы зейнетақы активі 245,1 млрд теңгемен қаржыландырылды. Бұл ақшаға орташа кірістілігі жылына 2,0%-ды құрайтын АҚШ-тың қысқамерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары, орташа  кірістілігі 5,2%-ға шақталған Ресейдің ұзақмерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сонымен қатар орташа кірістілігі жылына 4,5% деп белгіленген Индонезия квазимемлекетттік секторы шетелдік эмитенттерінің облигациялары сатып алынды. Айта кетейік, соңғы екі актив те АҚШ долларында номинирленген.

Шетел валютасындағы зейнетақы активімен 155,4 млрд теңгенің негізгі борышы өтелген. АҚШ үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты - 136,4 млрд теңге, Ресей Федерациясының мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты - 9,3 млрд теңге, шетел эмитенттерінің 6,4 млрд теңге көлеміндегі құрылымдық ноттарына және квазимемлекеттік сектордағы шетел эмитенттерінің 3,3 млрд теңгеге пара-пар болатын облигацияларына қатысты қарыз қайтарылған.

Екінші деңгейлі банк салымдары бойынша міндеттемелердің бір бөлігін өтеу есебінен 2,7 млрд теңгеге  "KCELL" АҚ-ның депозитарлық қолхаты алынды.

Соңғы 7 айдағы инвестициялық қызмет қорытындысы кіріс мөлшері 449,7 млрд теңгені құрағанын көрсетті. Тамызда инфляция 5,9% деңгейінде тұрғанын  ескерсек, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активінің кірістілігі соңғы бір жылда 8,9%-ға жеткені айқындалады. Бұл БЖЗҚ-ның 12 айдағы зейнетақы активінің нақты кірісі 3%-ды құрады деген сөз.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу