Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15,13 трлн теңгеге жетті

Инвестициялық портфельді  басқарушылардағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,6 млрд теңге. 

Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15,13 трлн теңгеге жетті Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15,13 трлн теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15,12 трлн теңгені құрады. Инвестициялық портфельді басқарудағы зейнетақы активтері 9,6 млрд теңге.

2023 жылдың 1 наурызына ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі құрылымы мынадай:    

  • ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары ағымдағы құнымен – 7 240,89 млрд теңге (портфельдегі негізгі үлесі - 47,89%)
  • ҚР квазимемлекеттік компанияларының облигациялары ағымдағы құнымен – 1 684,42 млрд теңге (портфельдегі үлесі –  11,14%)
  • ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары ағымдағы құнымен – 892,96 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 5,91%)
  • шет мемлекеттердің МБҚ ағымдағы құны бар өтімділік субпортфелінде – 743,91 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 4,92%)
  • ҚР Ұлттық Банкіндегі  депозиттер ағымдағы құнымен – 391,72 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 2,59%)
  • халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары ағымдағы құнымен – 372,61 млрд теңге (портфельдегі үлесі –  2,46%
  • қазақстандық эмитенттердің акциялары және депозитарлық қолхаттары ағымдағы құнымен – 250,51 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 1,66%)
  • ағымдағы құны 201,08 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 1,33%), орташа өлшенген өтеу мерзімі 1,53 жыл болатын ҚР ЕДБ салымдары.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік (YTM) жылдық 11,0% , оның ішінде теңгемен номиналданғандар - жылдық 12,6% , шетел валютасымен - жылдық 4,9%  құрады.

ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша валюталар бөлінісінде мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар - 72,22%, АҚШ долларында - 27,73%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,05%.

"Инвестициялық кіріс құрылымында 318,2 млрд теңгенің бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер екенін, өзге кірістер – 0,18 млрд теңге құрайтынын атап өтеміз. Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалауға байланысты құралдар 108 млрд теңге көлемінде шығын әкелді, бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсер етуінің нәтижесі болып табылады. Алайда 2023 жылдың 2 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие", – деп жазылған хабарламада. 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері ағымдағы жылдың басынан бастап 210,19 млрд теңгені құрады.

Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі аясында 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,38% тең болды.

Бұл ретте зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайтынын атап өту маңызды. Зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу.

"ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді", – деп жазылған хабарламада. 

Инвестициялық портфельді  басқарушылардағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,6 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу