2019 жылғы маусымның басындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 9 894,2 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері 134,1 млрд теңгеге және 516,5 млрд теңгеге өсті. 2019 жылдың бес айында азаматтардың жарналары 382,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға жоғары. Зейнетақы төлемдері өз кезегінде бес айда 93,4 млрд теңгені құрады,бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары.
2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында қордың инвестициялық табысы 250,1 млрд теңгені құрады, бұл шамамен бір жыл бұрын (2018 қаңтар-мамыр: 251,4 млрд теңге) нәтижеге сәйкес келеді. Алайда, көрсетілген кезеңде зейнетақы жинақтары 20,0%-ға артты. Сонымен қатар, Қордың комиссиялық сыйақысы ағымдағы жылы 23,3 млрд теңгені құрап, 54,9%-ға артты. 2019 жылдың басында салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,37%-ды құрады, бұл елдегі инфляция деңгейіне шамамен сәйкес келеді (инфляция: өткен жылдың желтоқсанына 2,4%). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік (инфляцияны шегергенде) соңғы 12 айда 5,30% құрады.
1-кесте. БЖЗҚ ЗА табыстылығы :
Дереккөз:ҚҚҚ
Қордың бос қаражаты мамыр айында АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына (+45,4 млрд теңге), ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары (+48 млрд теңге), ЕҚДБ облигациялары (+30 млрд теңге) және ЕДБ облигациялары (+11,2 млрд теңге), сондай-ақ Ұлттық Банктің депозиттеріне (+126,0 млрд теңге) инвестицияланды. Сондай-ақ есепті айда РФ мемоблигациялары (-9,6 млрд теңге) және ҚРҰБ дисконттық ноталары (-178,3 млрд теңге) өтелді.
2-кесте. БЖЗҚ қаражаты:
Дереккөз: БЖЗҚ
Қазақстандық ЕДБ инвестициялаған қаражат көлемі мамыр айында 15,0 млрд теңгеге (жыл басынан 13,2 млрд теңгеге), 1 629,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Атап айтқанда, "Еуразиялық Банк" АҚ облигациялары 19,8 млрд теңгеге сатылды. Сондай-ақ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (-1,1 млрд теңге) және "Банк ВТБ" АҚ ЕҰ (-0,2 млрд теңге) депозиттері ішінара өтелді. Сондай-ақ БЖЗҚ инвестициялық қызметінің шолуында есепті айда "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның 15,0 млрд теңге сомасына негізгі борыштық облигациялары төленген. Көрсетілген өзгерістер инвестициялық портфельдің құрылымы туралы құжатта ай бұрын ескерілді.
3-кесте. ҚР ЕДБ инвестицияланған БЖЗҚ ЗА қаражаты:
Дереккөз:БЖЗҚ
Дереккөз: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.