Зейнетақы жинағы бір жылда 1,6 трлн теңгеге көбейді

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
9791

Зейнетақы активі портфеліндегі екінші деңгейлі банктердің облигациялары 15,82%-ға төмендеді.

Зейнетақы жинағы бір жылда 1,6 трлн теңгеге көбейді

Өткен айдың қорытындысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинағының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгеге жетті. Бір жыл бұрын дәл осы мерзімде бұл көрсеткіш 7,8 трлн теңге болған еді.

Жоғарыда көрсетілген уақытта зейнетақы активінің табыстылығы 11,3 %-ды, ал инфляция деңгейі 5,2%-ды құрады. Бұл – таза табыс 6,1%-ға пара-пар болды деген сөз.

1 ақпанда зейнетақы активтері портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 44,093 %-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішті cақтап қалды. Ал теңгеде номиналданған мемлекеттік бағалы қағаздардың орташа табыстылығы  7%-ды, долларда 4,4%-ды көрсетті.

Квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының үлесі 13,80%-ды құрап, бір жыл бұрынғы нәтижеден 10,11%-ға жоғары болды.

"Зейнетақы активтерінің портфелінде екінші деңгейлі банктердің облигациялары 13,3%-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 15,82%-ға төмендеді. Бұл жерде теңгеде номиналданған облигациялардың орташа өлшемді табыстылығы жылдық 10,0%-ды, АҚШ долларында жылдық 6,6%-ды көрсетті", – деп ақпарат таратты БЖЗҚ-ның ресми ресурсы.

Зейнетақы активі портфелінің 72,7 %-ның рейтингі "AAA"-дан "BBB" дейін болатын қаржы құралдарына, 12,2%-ның  рейтингі "BB+" - тен "B-"-қа дейін болатын қаржы құралдарына орналастырылған.

"2019 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлік болғаны анықталды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,9 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлікті құрады", – деп жазды БЖЗҚ-ның сайты.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу