Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгеретіні таяуда белгілі болады

168

Жаңа формула 5 көрсеткішке сүйенген.  

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгеретіні таяуда белгілі болады Фото: abai.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жинағының жеткілікті шегі бойынша алдағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, бұған дейінгі формула 9 көрсеткіштен тұрса, жаңа формула 5 көрсеткішке негізделген. Оның ішінде жылдық 9 пайыздық табыстылық мөлшерлемесі мен ай сайынғы төлемдерді индекстеу көрсеткіші бар.

"Енді жаңа ережелерге сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 10 күн ішінде қайта есептеу жүргізеді. Соның нәтижесінде 20 жастан 63 жасқа дейінгі азаматтар үшін жеткіліктілік шегінің есеп-қисабын ұсынады. Қазір бұл жұмыстарды қор жүргізіп жатыр, ал есептеулер кейін ресми сайттарда жарияланады", – деді Асқарбек Ертаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ведомство басшысы зейнетақы жинақтарын емделуге, тұрғын үй мәселесін шешуге пайдалану мүмкіндігі сақталатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу