Зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді

224

Өзгерістердің бірі құжаттарды қабылдау тәртібіне қатысты болып отыр.

Зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді Фото: kursiv.media

Елімізде 24 қазаннан бастап зейнетақыны тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Композиттік қызмет – бір ғана өтініш бойынша өзара байланысты бірнеше мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді кешенді түрде көрсету тәсілі. Зейнет жасына жеткен адамдар таңдауы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін белгіленген нысанда өтініш бере алады. Бұған дейін әр төлем түрі бойынша жеке-жеке өтініштер берілген. 

Өзгерістердің бірі құжаттарды қабылдау тәртібіне қатысты болып отыр. Егер де жауапты маман ұсынылған құжаттарда қателіктер немесе сәйкессіздіктер бар екенін анықтаса, өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату туралы хабарлама жолданып, кемшіліктерді жою үшін уақыт беріледі.

Қызмет көрсету мерзімдері: жасына байланысты зейнетақы тағайындау кезінде 10 жұмыс күніне дейін; мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау – 8 жұмыс күніне дейін. Қателерді түзетуге берілген уақыт қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне есептелмейді. Егер азамат кемшіліктерді уақытында түзесе, өтініш бірінші тапсырылған күнінен бастап қабылданды деп саналып, құжаттарды қарау қайта жанданады. Сондай-ақ ережеде бас тартудың өзге де негіздері көзделген: құжаттардың толық тапсырылмауы немесе жеке деректердің сәйкес келмеуі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу