Зейнолла Ыдырысов Анталиядағы әлем кубогында күміс жүлде иеленді

112

Қазақстандық спортшы былтырғы жетістігін қайталады. 

Зейнолла Ыдырысов Анталиядағы әлем кубогында күміс жүлде иеленді

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз тұтқалы ат снарядының финалында сәтті өнер көрсетіп, 13.733 ұпай жинады. Бұл жаттығуда бірінші орынды Рис Маккленаган иеленді. Ирландиялық гимнаст 13.900 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Ал қола жүлде оның жерлесі Джеймс Хикиге бұйырды. Ол финалда 13.566 ұпай көрсеткен.

Айта кетейік, Зейнолла Ыдырысов үшін бұл Анталиядағы жарыстағы кезекті табысты нәтиже. Ол 2025 жылы осы қалада өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алған болатын. Сонымен қатар қазақстандық гимнаст наурыз айының басында Баку қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде де жүлдегерлер қатарынан көрінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу