Зеленский АҚШ сайлауы кезінде Украинаға жаппай соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті

351

Бұл туралы шетелдік басылым жазды.

Зеленский АҚШ сайлауы кезінде Украинаға жаппай соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы сайлау кезінде жаппай шабуыл жасалатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Украина барлау мәліметі бойынша Ресей АҚШ-тағы Конгресс сайлауы кезінде Украинаның энергетикалық инфрақұрылымы мен логистикалық нысандарына жаппай соққы жасауды жоспарлап отыр.

"Владимир Зеленский X желісінде әлем назары АҚШ-тағы сайлауға аударылатынын, "ал Украинада болып жатқан жағдайлар, соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс пен Patriot зымырандары бойынша қиындықтарымыз назардан тыс қалатынын" мәлімдеді", – деп жазады BILD.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Иранға жаңа соққылар жасайтынын айтып сес көрсеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу