Зеленский бейбіт келісімге келуге ниетті емес – Трамп

518

Ақ үй басшысы сұхбат берді.

Зеленский бейбіт келісімге келуге ниетті емес – Трамп Фото: REUTERS / Elizabeth Frantz

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты аяқтау туралы келісімге келуге ниетті емес. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Newsmax телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

"Ақыр соңында олар (ред. – Ресей мен Украина) қандай да бір келісімге келеді деп ойлаймын, бірақ олар бұл келісімді ол (ред. – Владимир Зеленский) барда жасай алмайды. Ол мәмілеге келгісі келмейді. Келіссөз жүргізгісі келетінін айтады, бірақ іс жүзінде олай емес", – деді Ақ үй басшысы.

Трамп Зеленскийдің жақтасы емес екенін жеткізді. 

"Олар (ред. – Зеленский үкіметі) бұл елді (ред. – Украина) күйретті", – деп атап өтті Дональд Трамп.

АҚШ президенті қақтығыс оның президенттік мерзімі аяқталғанша тоқтай ма деген сұраққа да пікір білдірді.

"Ол жақында аяқталуы тиіс. Екі тарап та соғыстың тоқтағанын қалайды деп ойлаймын. Бірақ меніңше, Путинге қарағанда Зеленскиймен тіл табысу әлдеқайда қиын", – деді Ақ үй басшысы.

Трамп Украинаның ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды қайта жандандырғанын сынға алды.

"Бұл әрекет әлемдік мұнай бағасын шарықтатады. Меніңше, бұл ұят жағдай", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу