Зеленский мен Трамп сөзге келіп қалған соң жабық есіктің ар жағында не болғаны белгілі болды

3847

CNN жабық есіктің ар жағындағы оқиғаны баяндап берді. 

Зеленский мен Трамп сөзге келіп қалған соң жабық есіктің ар жағында не болғаны белгілі болды Фото: m.business-gazeta.ru

 

Сол кабинетте Трамп вице-президент Джей Ди Вэнспен, Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен, Қаржы министрі Скотт Бессентпен және басқа да кеңесшілерімен ақылдасқан.

Әрі қарай Трамп Зеленскийдің "келіссөз жүргізетін жағдайда еместігін" айтып, Рубио мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майк Вальцке Украина президентіне кетуі керектігі жөніндегі хабарламаны жеткізуді тапсырған.

Ақ үй өкілі болса, телеарнаға украиналық делегацияның бұл шешімге қарсы болғанын және келіссөздерді әрі қарай жалғастырғысы келгенін айтқан. Бірақ Трамп жағы келіспепті. Сондықтан Зеленский көп ұзамай кетуге мәжбүр болады.

Телеарнаның өзге бір мәліметінше, Украина президенті мен оның командасына түскі асқа да рұқсат етілмеген. Дайындалған тағам болса, дәліздегі үстелдерде қалып қояды, ал украиналықтарға ғимараттан шығу туралы нақты нұсқаулар беріледі.

"Мен жай ғана баспасөз-зонасына не болғанын көру үшін бардым. Сонда мынаны естідім. Президент Трамп Зеленскийді Ақ үйден шығарып салды. Оның делегациясына үйлеріне қайтуды бұйырды", – дейді Ақ үйге жақын Fox News журналисті Джеки Генрих.

Тағы бір айта кететін жайт – Зеленский Вашингтонға минералдық ресурстар туралы келісімге қол қою үшін аттанғаны белгілі. Трамп ол бойынша Украинаға қауіпсіздік кепілдігін бермеді. Құжат қабылданбай қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу