Зеленский Трамптың Путинмен достығын Гитлермен достасуға теңеді

130

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинді досым деп атағанын сынға алды.

Зеленский Трамптың Путинмен достығын Гитлермен достасуға теңеді Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

BBC-ге берген сұхбатында Зеленский Трамптың бұл мәлімдемесін оғаш деп бағалады, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters басылымына сілтеме жасап.

Оның пікірінше, Путинді дос деп атау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Адольф Гитлерді дос санаумен пара-пар.

"Путин – агрессор әрі кісі өлтіруші. Ол дос бола алмайды. Бұл мүмкін емес", – деді Зеленский.

Сонымен қатар Трамптың не айтатынын және әлеуметтік желіде қандай жазба жариялайтынын өзі шешуге құқылы екенін жеткізді. 

Айта кетейік, Трамп өткен аптада Қытайда өткен саммитте Путинді досым деп атаған. Араға бірнеше күн салып, Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей президентімен қол алысып тұрған суретін жариялап, астына "Менің досым" деп жазған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Трамп пен Зеленскийдің қарым-қатынасы бұрыннан күрделі. Кейінгі уақытта АҚШ президенті энергия бағасының қымбаттауына Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарын себеп етіп, барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен.

Ал Зеленский Вашингтонның мұндай ұстанымы Ресейді Украинаға шабуылдарын жалғастыруға ынталандырады деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу