Зеленский Украина азаматтығын алуды жеңілдетпек

2313

Киев шетелде тұратын этникалық украиндықтарға екінші азаматтық, яғни  Украина азаматтығын беруі мүмкін.

Зеленский  Украина азаматтығын алуды жеңілдетпек

Сондай-ақ украиналық төлқұжатты өз елдерінде құқықтар мен бостандықтары бұзылған адамдар жеңілдетілген тәртіпте алады, деп хабарлайды Украина Президентінің  баспасөз қызметі.

"Өз кезегінде, Украина Президенті  Сыртқы істер министрлігіне өздерінің тарихи Отанын дамытуға қосылуға ұмтылған достас елдердегі этникалық  украиндықтарға , сондай-ақ  өз елдеріндегі құқықтар мен бостандықтары бұзылудан зардап шеккен адамдарға Украина азаматтығын жеңілдетілген түрде беру тетігін әзірлеуді тапсырды", – деп жазылған хабарламада.

Осы хабарламаға түсініктеме берген Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина төлқұжатын алғысы келген ресейліктер бәрібір Ресей Федерациясының азаматы болып қалатынын, өйткені Мәскеу қос азаматтықты мойындамайтынын айтты.  

Бұл ұсынысты қанша ресейлік пайдалана алуы мүмкін екені  жайлы Кремльге белгілі ма деген сауалға жауап берген Дмитрий Песков: "Мұны нақты айта алмаймын, бірақ қандай да бір есептеулер бар деп ойлаймын. Болжап көруге болады, алайда бұл сан салыстырмалы сипатқа ие болады", – деді.

Оның айтуынша, Ресей екінші азаматтықты мойындамайды, сондықтан егер ресейліктер екінші азаматтықты алғанмен де, олар барлық құқықтар мен міндеттер бойынша Ресей азаматы болып қалады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу