Зертханалық жұмыс: "Qazaq Oil" жанар‑жағармай сапасына бақылауды қалай жүргізеді

1069

Жанар‑жағармай құю бекеттері желісінің дамуы, жаңа өнімдерді іске қосу және тұтынушыларға қызмет көрсетуге басымдық беру Qazaq Oil компаниясының маңызды бағыттары болып қала береді. 

Зертханалық жұмыс: "Qazaq Oil" жанар‑жағармай сапасына бақылауды қалай жүргізеді Фото: Qazaq Oil

Алайда компания басты басымдығынан еш айныған емес. Бұл – жанар‑жағармайдың сапасы. Бұл стратегияның негізінде толық бақылау жүйесі жатыр. Бұл мұнай өнімдерінің бүкіл қозғалыс циклін, яғни  мұнай базасына түскен кезден бастап еліміз бойынша жанар‑жағармай бекеттеріне жеткізуге дейінгі аралықты қамтиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зертханалық тексерістермен расталған стандарттар

Компания логистикалық тізбектің әр кезеңінде мұнай өнімдерінің сапасын бақылау және сақтау үшін Алматы, Астана және Атыраудағы жеке аккредиттелген сынақ зертханаларының жұмысына сүйенеді. Бұл зертханаларда Еуропа, АҚШ және Ресейдің жетекші өндірушілерінің заманауи жабдықтары бар, ал зерттеу жұмыстарын жоғары білікті мамандар жүргізеді.

"Біз отынды бірнеше көрсеткіштер бойынша тексереміз. Ең әуелі оның тығыздығы назарға алынады. Бензиннің октан саны УИТ‑85М құрылғысында анықталады, оның фракциялық құрамы да талданады. Дизель үшін жабық тигельдегі тұтану температурасы мен кинематикалық тұтқырлығы негізге алынады. Біз жанар‑жағармайымыздың сапасына 100% сенімдіміз", – деді Qazaq Oil компаниясының сапаны бақылау бөлімінің басшысы Мадина Тутеева.

Клиенттермен ашық диалог

Qazaq Oil ішкі бақылаудан бөлек тұтынушылармен ашық қарым‑қатынас орнатуға да айрықша мән береді. Жанар‑жағармайдың сапасына қатысты шағым түскен жағдайда, тұтынушы сынаманың жанар‑жағармай құю бекеттері резервуарынан алыну кезінде қатыса алады. Кейін ол зертханалық тексеру жұмыстарын бақылай алады, мұнда жанар‑жағармай толық талдаудан өтеді. Бұл тәсіл брендке деген сенімді арттырып, өнімнің сапасына қатысты кез келген сенімсіздікті жояды.

"Qazaq Oil‑да мұндай жағдайлар үшін нақты регламент бар. Жанар‑жағармайдың сапасына шағым түскен жағдайда, сынама АЖҚС резервуарынан тұтынушының қатысуымен алынады. Отын үш бөлікке бөлінеді: бір бөлігі компанияның зертханасына жіберіледі, екіншісі тәуелсіз тексеруден өткізу үшін тұтынушыға беріледі, ал үшіншісі арбитраждық үлгі ретінде 45 күн сақталады. Бұл тәсіл әр сараптаманың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді", – деді Мадина Тутеева.  

Қызмет көрсету мен сенімділік – стратегияның негізі

Qazaq Oil жанар‑жағармай сапасын басқаруға деген заманауи көзқарас техникалық регламенттерден ғана тұрмайтынын, тұтынушы алдындағы жауапкершілік философиясы басты орында екенін айтады. Қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі, тексерілген үрдістер және ашық диалогқа дайын болуының үйлесімі компанияның нарықтағы тұрақты беделін қалыптастырып отыр.

Қазір Qazaq Oil – жанармай құю бекеттерінің желісі ғана емес, халықаралық деңгейдегі стандарттар мен отандық автокөлік жүргізушілерінің қажеттіліктерін негізге алатын инфрақұрылымдық бренд. Нақты деректермен дәлелденген сенімділік – бүкіл ел көлемінде тұтынушыларды өзіне тартатын компанияның маңызды құндылығы.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу