Жағажайдағы Азия ойындары: Ришат пен Рашид Хайбуллин қола жүлдеге ие болды

81

Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының екінші медалін жеңіп алды.  

Жағажайдағы Азия ойындары: Ришат пен Рашид Хайбуллин қола жүлдеге ие болды Фото: olympic.kz

Қытайдың Санья қаласында ерлер арасындағы эстафеталық сайыста қола жүлде сарапқа салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл кезеңге Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин мен Рашид Хайбуллин жұбы жолдама алды. Олар Таиланд спортшыларымен кездесті.

Ағайынды Хайбуллиндер 11,98 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ал Дамир Тоқтаров пен Әмір Маймұратов, сондай-ақ, Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина жарысты ширек финалда аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ришат Хайбуллин жекелей сында да үшінші орын алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу