"Жағдай бақылауда": Алматы ТЖД жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

187

Сейсмология мамандары жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығын анықтап жатыр. 

"Жағдай бақылауда": Алматы ТЖД жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖД мәліметінше, жағдай бақылауда.

– Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жер сілкінісі сезілді. Сейсмология мамандары жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Ақпарат толықтырылады. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, – деді Алматы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекші бөлім бастығы Батпасов Ерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу