Жайық жағасындағы 84 елді мекенді аман алып қалдық – Шыңғыс Әрінов

505

Министр осы жұмыстарға атсалысқан барша қазақстандықтарға алғыс айтты.

Жайық жағасындағы 84 елді мекенді аман алып қалдық – Шыңғыс Әрінов Фото: Ақорда

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Біз біргеміз" жалпыұлттық телекөпірінде Жайық бойындағы жағдай туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда Жайықтың қатерлі толқыны Батыс Қазақстан өңірінен өтіп, Атырау облысына беталды. Бірақ Жайық бойындағы 84 елді мекенді аман алып қалдық деп айтсақ болады. Оған дер кезінде атқарылған дайындық жұмыстары себеп болды. Өздеріңіз көрдіңіздер, қаншама шақырым бөгет салынды. Бүкіл ел болып барлық өңірден арнайы техника, күш құрылымдары келіп жатыр. Соның арқасында бәрі уақытында істеліп, Жайық деңгейі көтерілгеніне қарамастан 84 елді мекенге ешқандай қауіп болған жоқ", - деді ол. 

Ведомство басшысы осы жұмыстарға атсалысқан барша қазақстандықтарға алғыс айтты.

"Осы сәтті пайдаланып, өзіміздің құтқарушыларға, Қарулы Күштердің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің өкіледірне, барлық күштік құрылымдардың сарбаздарына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, тасымалдауға атсалысқан ҚТЖ ұлттық компаниясының өкілдеріне, тасқынмен күреске атсалысқан адамдардың бәріне рахмет айтқым келеді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу