Жақын арада "Самұрық-Қазына" қорының жаңа басшысы тағайындалады

218

"Самұрық-Қазына" қорының басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақын арада "Самұрық-Қазына" қорының жаңа басшысы тағайындалады Фото: Үкімет

Оның айтуынша, қазір Қордың жекелеген лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Жағдай Мемлекет басшысының бақылауында.

"Жақын арада "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалады", – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бұл жағдай Қордың барлық компаниялар жұмысына күмән келтіруге негіз емес екенін айтты. Қорға қарасты кәсіпорындар қалыпты жұмыс істеп жатыр. Жоспарланған жобалар жалғасады, ал қаржылық міндеттемелер толық орындалады.

Сонымен қатар Қорда бақылау мен аудит күшейтіліп, жемқорлықтың алдын алу шаралары қатаңдатылады. Басшылардың жеке жауапкершілігі мен шешім қабылдау ашықтығына ерекше назар аударылады.

Олжас Бектеновтің сөзінше, басты мақсат – мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу. Қордың даму бағыты өзгермейді, инвесторлармен ынтымақтастық жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу