Жалақысы жақсы жаңа жұмыс орындарын құрамыз

1142

"Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың нақты 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.

Жалақысы жақсы жаңа жұмыс орындарын құрамыз

Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Аталған мақсатты ауыл тұрғындарына жеткізу үшін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат "Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт жұмыстарын жүргізді.

"Nur Otan" партиясының бағдары экономиканың басым салаларын: өнеркәсіпті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту болып табылады. Партия 2025 жылға қарай 4000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыссыздық деңгейін 4,6%-дан 4,4%-ға дейін төмендетуге бағыттаған. Соның ішінде Кербұлақ ауданы бойынша 4 нақыты жобаны іске асыру жоспарда бар:

2021 жылы – "Нұр Думан" ЖШС-нің Сарыөзек ауылындағы наубайханаы кеңейту (қуаттылығы-күніне 2 мың нан шығару);

2020 жылы – "Баян -Сервис" жеке кәсіпкерінің Сарыөзек ауылында кірпіш өндіретін цехының құрылысы бойынша (қуаттылығы-күніне 300 кірпіш шығару);

2023 жылы – Сарыөзек ауылында "ALACEM" ЖШС темірбетон ұйымдарының цехын салу (қуаты-6,2 мың текше метр);

2025 жылы – Көксу өзенінде жалпы қуаттылығы 37 мегаваттан астам электр қуаты бар "Жарық Энерго" ЖШС су электр станциясын салу  (қуаты 6 мегаватт болатын 1-каскад (2021) 2-каскад-8,6 мегаватт (2023), 3- каскад-22,6 мегаватт (2025)). Жоғарыда аталып өткен жұмыстарды іске асыру арқылы біз ауданның экономикасын көтеріп, жұмыссыздықты азайтатын боламыз.

Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз, сондықтан да қаңтар айының 10 күні азаматтық борышымызды атқарып сайлауға келіп бірауыздан "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді.

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу