"Жалған өндірушілер" тізімге ене алмайды": Олжас Бектенов жаңа цифрлық жүйенің артықшылығын атады

359

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. 

"Жалған өндірушілер" тізімге ене алмайды": Олжас Бектенов жаңа цифрлық жүйенің артықшылығын атады  Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Адал өндірушілер оған автоматты түрде қосылады. Ал, "жалған өндірушілер" тізілімге ене алмайды. Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды", - деді Олжас Бектенов

Үкімет басшысы барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізілетінін баса айтты.

"Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналады. Ал, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар өнімді сатып алуда осы тізілімге енген өндірушілерге басымдық беретін болады", - деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу