Жалғас Қайролла дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды

575

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жалғас Қайролла дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды Фото: olympic.kz

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездесті.

Қайролла финалдық белдесу барысында басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша Жалғас Қазақстан құрамасына төртінші жүлдені сыйлады. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу