29 жастағы Адамия титулға үміткер бола алмады. Ол жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшеу талаптарын бұзып, шекті нормадан шамамен 1 келі артық шықты. Осыған байланысты жекпе-жекті сары қағазбен бастап, төрешілер хаттамасында бір ұпайдан айырылды.
Бес раундтық кездесуде тартысты сәттер жеткілікті болды. Үшінші раундта Адамия ережеге қайшы екі соққы жасап, рефери жекпе-жекті екі рет тоқтатуға мәжбүр болды. Төртінші раундта Жұмағұлов қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ жекпе-жекті ерте аяқтай алмады. Дегенмен, барлық төреші қазақстандықтың жеңісін тіркеді.
Бұл Жалғастың Oktagon-дағы екінші жекпе-жегі. 2023 жылдың қарашасында ол Аарон Абиді жеңіп, промоушенде сәтті дебют жасаған.
Енді Жұмағұловтың кәсіби рекорды 18 жеңіс және 9 жеңіліс. Ол Oktagon чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы. Бұған дейін Жалғас ресейлік Fight Nights Global ұйымының белбеуін де жеңіп алған еді.
Oktagon — Еуропаның ең танымал ММА ұйымдарының бірі. Промоушен турнирлерін сыйымдылығы үлкен стадиондарда өткізеді. Мысал турнир ұйымдастырушылары Кельнде – 18 000, Прагада – 20 000, Франкфуртте – 50 000 көрермен жинаған. Бұл лигада өнер көрсеткен алты спортшы кейін UFC-ге жол тартқан.