28 маусым күні Германияның Гамбург қаласында өтетін чехиялық Oktagon турнирінде Жұмағұловтың (17-9) қарсыласы жеңіл салмақтағы (57 кг) қазіргі чемпион, грузиялық Бено Адамия (12-8) болмақ. Oktagon 73 турнирі 15 мың адам сыятын "Barclays Arena" аренасында өтеді.
36 жастағы Жұмағұлов Oktagon ұйымындағы дебютін 2024 жылдың 9 қараша күні бұрынғы үміткер Аарон Абиге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Ал, 28 жастағы Адамия чемпиондық белбеуге 22 ақпанда ағылшын Сэм Кризиді (19-6) жеңген соң қол жеткізген.
Чехиялық Oktagon – Еуропадағы жетекші ММА ұйымдарының бірі. Олар турнирлерін жиі үлкен стадиондарда өткізеді.
Мысалы, Кельнде 18 000, Прагада 20 000, ал Франкфуртта тіпті 50 000 көрермен жинаған. Oktagon-нан UFC-ге алты спортшы жолдама алған. Олардың ішіндегі ең танымалы – UFC-дегі алғашқы өзбекстандық файтер Махмуд Мурадов.