Жалғас Жұмағұлов Oktagon ұйымында жылдың үздік спортшысы атағына үміткерлер қатарына енді

487

Қазақстандық спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысып, екінші чемпиондық белбеуді жеңіп алуды мақсат етіп отыр.

Жалғас Жұмағұлов Oktagon ұйымында жылдың үздік спортшысы атағына үміткерлер қатарына енді Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы жетекші лигалардың бірі – Oktagon ұйымында 2025 жылдың үздік спортшысы атағына үміткерлер қатарына енді.

Аталған номинациямен қатар, ол салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) Oktagon промоушеніндегі үздік спортшылар рейтингінде 3-орынға көтерілді.

Рейтингтің көшін ауыр салмақтағы чемпион, ирландиялық Уилл Флери бастап тұр. Ол желтоқсан айында UFC-ден 7-1 рекордпен оралған Мартин Будайды нокаутпен жеңген. Ал 2-орында Германия өкілі, орта салмақ чемпионы Керим Енгизек орналасқан. Оның Oktagon ұйымындағы көрсеткіші – 6-0.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов Oktagon-ның ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуіне ие және дивизион тарихында титулын сәтті қорғаған алғашқы спортшы атанды.

Соңғы жекпе-жегінде ол UFC-дің бұрынғы топ-15 файтері Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, Чехия өкілін Прагадағы O2 аренасында, шамамен 20 мың көрерменнің көз алдында тізе бүктірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу