Oktagon ұйымы тұңғыш рет Германияда үлкен шоу ұйымдастырып отыр. Ал бұл кешке қатысатын файтерлер сапында Еуропаның әр түкпірінен келген мықты спортшылар бар.
Турнирдің басты жекпе-жегі – қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (17–9) пен грузиндік Бено Адамия (12-8-2) арасындағы титулдық айқас болмақ.
Бұл Жалғас үшін үлкен мүмкіндік. Оның басты мақсаты еуропалық аренада чемпиондық атақ үшін күресіп, өзінің әлемдік деңгейдегі жекпе-жек шебері екенін дәлелдеу.
Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімі SPORT+ телеарнасында Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-ден кейін басталады.
Айта кетейік, чех-словакиялық Oktagon MMA лигасы – Еуропадағы ең беделді промоушндердің бірі.
Соңғы жылдары бұл ұйым көрермендер мен спорт сарапшылары тарапынан жоғары бағаға ие болып, бейресми түрде "Еуропаның UFC-і" деген атауға ие болған.