Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

1618

Аралас жекпе-жекте жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) UFC промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Лас-Вегастағы UFC 264 турнирінде (Невада, АҚШ) 32 жастағы Arlan MMA Pro Team командасынының өкілі америкалық Джером Ривераға қарағанда мықты болып шықты (10-6).

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жекпе-жектің үшінші минутында тәжірибелі қазақстандық тұншықтыру әдісімен қарсыласын тізе бүктірді. Алғашқы бес минуттықта Ривера қарсыласын ұстап алу үшін бойының биіктігі мен аяғының ұзындығы сияқты артықшылықтарын пайдалануға тырысып, алғашқы бес минутты белсенді бастады.

Джером бірнеше рет соққыларын дәл жеткізе алды. Бірақ Жалғас сескенбей, бұған сериялық қарсы шабуылдармен жауап берді. Содан соң Жұмағұлов шабуылға көшіп, америкалық қарсыласының мойынынан ұстап, оны тұншықтыру әдісімен UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жұмағұлов үшін бұл UFC-де көптен күткен жетістік. Өйткені ол бұрын промоушен октагонында екі рет жеңіліп қалды. Ривераға келетін болсақ, бұл оның лигадағы төртінші кездесуіндегі төртінші сәтсіздігі. Ал Жұмағұловтың мансабындағы алғашқы жеңісі.

Сонымен қатар дәл осы турнирде октагонға шыққан атақты Конор МакГрегор америкалық Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста UFC 264 турнирінің басты оқиғасына айналды. Бірінші раундтан кейін жекпе-жек ирландиялықтың ауыр жарақатына байланысты тоқтатылып, Порье жеңімпаз деп танылды. 32 жастағы ирландиялық осы күнге дейін ММА-да алты мәрте жеңіліп, 22 жеңіске жеткен. Бұл оның соңғы бес жекпе-жегіндегі үшінші жеңілісі. Ал 32 жастағы Порье мансабында бұған дейін алты рет жеңіліс тапқан және бүгін 28-ші жеңісіне жетіп отыр.

Айта кету керек, алты жылдан астам уақыт бұрын Конор Порьені бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Бірақ биылғы жылдың қаңтарында Дастин екінші бес минуттықта Конор МакГрегордан кек алды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу