Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды

1871

​12-шілде Бірікккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен UFC 251 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы кездесуі жеңіліспен аяқталды.

Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды

Жұмағұловтың бірінші жекпе-жегі UFC 251 турнирінің аясында өтті. Қазақстандық спортшы былтыр қараша айында ресейлік Әли Багаутиновке қарсы кездесу өткізіп, нәтижесінде Fight Nights Global чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Ал бүгінгі кездесудегі оның қарсыласы бразилиялық Раулин Пайва. Салмақ өлшеу барысында бразилиялық ең жеңіл санаттағы (125 фунт) лимиттен үш фунтқа асып түсті. Жұмағұлов та лимиттен сәл ауыр болды (126 фунт). Бірақ титулдық емес шайқастарда бір фунтқа дейін артық салмақ рұқсат етілген. Сондықтан Пайву қазақстандыққа салмақ айырмашылығы үшін өз сыйақысының 20% - ын қайтаруға міндеттелді.

Жекпе-жек басталысымен Пайва басымдылық танытты. Алайда екінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласынан мықты екенін көрсетті. Жалғас бразилиялыққа бірнеше рет дәл соққылар бағыттады. Ал 3-раундта екі спортшы да бір-біріне кезек-кезек соққы бағыттап, солардың бірі Жұмағұловтың беліне тиді. Алайда бұл соққы да Жалғасты тоқтата алмады. Нәтижесінде бразилиялық бүгінгі жұдырықтасуда екінші тейкдаун алды. Жекпе-жек 29-28 есебімен аяқталып, төрешілер жеңісті Пайваға берді. Бірақ мұндай шешімді естіген Жұмағұлов күліп жіберді. Төрешілердің берген бағасы туралы өз пікірін білдіргенде Жалғас тек қысқа қайырды.

Жұмағұлов UFC-де "Арлан ММА" командасының атынан өнер көрсетеді. "Сіздер барлығын көріп отырсыздар... Өкінішке орай Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды. Ондай ондай болып тұрады. Бұл спорт. Біз Жалғасқа сенеміз.  Жеңісті күндеріміз әлі алда", - деп жазды "Арлан ММА" өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Жекпе-жек аяқталысымен көптеген спорт сарапшылары мен спортшылар әлеуметтік желілерде әділқазылардың шешімімен келіспейтін мәлімдеді. Солардың бірі Айдар Махметов. Ол өзінің Telegram-каналында жазба жариялады. "Өкінішке орай Жалғас Жұмағұлов өзінің алғашқы кездесуінде бразилиялық Раулин Пайвадан жеңіліп қалды. Жалғас тамаша өнер көрсетті және жеңіске лайықты. Түсінксіз шешім болды...", - деді Махметов.

Қалай болғанда да әділқазылардың шешімін өзгерте алмаймыз. Жұмағұлов спорттық мансабында он үш жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліс тапты. Ал оның қарсыласы бразилиялық Пайва бүгін  UFC-дегі жиырмасыншы жеңісін тойлауда.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу